Астанада «Қыран елім – Қазақстаным!» атты ерекше акция басталды. Патриоттық челлендж Республика күніне орай ұйымдастырылған. Мемлекеттік рәміздер алаңына жиналған елордалық спортшылар «Қазақстан - Республикам менің» өлеңін жатқа оқып, эстафетаны атыраулық әріптестеріне жолдады. Челленджді еліміздің барлық қалалары мен өңірлерінде өткізу жоспарланған. Акция қазан айының соңына дейін жалғасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – патриоттық сезімді нығайту, халықтың бірлігін көрсету, еліміздің спорттағы жетістіктерін ұлықтау. Қатысушылар «Қыран елім – Қазақстаным!» акциясы алда келе жатқан мерекеге құрмет көрсетудің бір жолы екенін айтады.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елорда спортшылары Республика күніне орай патриоттық челленджді бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165516/)