Қазақстанға келетін ресейліктердің саны азайды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күніне шекарадан 9 мыңға жуық адам өтеді. Ал, 11 мыңдай ресей азаматы елден шығып кетеді. Қазір көрші елде мобилизация бойынша ахуал да тұрақталған. Сондықтан, мигранттар саны 21 қыркүйекке дейінгі деңгейге қайта оралды. Сондай-ақ, Орал, Петропавл, Ақтөбе және Павлодар қаласында ресейліктерге қызмет көрсету үшін ашылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелері жабылып жатыр.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ІІМ: Қазақстанға келетін ресейліктердің саны азайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165525/)