Алдағы Президент сайлауында Сыр өңірі бойынша 382 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Облыста 490 мыңға жуық адамның саяси науқанда дауыс беру құқығы бар.
Бүгінде өңірде 9 аумақтық, 373 учаскелік комиссия құрылып, олардың жұмысы 21 қазаннан басталады. Қазіргі таңда сайлауға дайындық белгіленген тәртіпке сай, жүйелі жүріп жатыр. Ал сайлаушылардың тізімі әлі де 30 қазанға дейін нақтылана түспек. Жалпы 9 қарашаға дейін дауыс беру құқығы бар азаматтар сайлаудың өтетін орны мен учаскесі туралы хабардар болуы тиіс. Сондай-ақ, облыстағы сайлау комиссияларының 800-дей мүшесі заңнамалық және сайлауды өткізу тәртібі туралы арнайы мамандардан дәріс алады.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент сайлауы: Қызылорда облысында 382 сайлау комиссиясы бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165532/)