Арыстағы жарылысқа кінәлілерден 97 млрд теңге өндіріледі. Астананың Есіл аудандық соты Қорғаныс министрлігінің шағымын қанағаттандырды. 2019 жылғы оқиғаға кінәлілер арасында өрт қауіпсіздігі мен оқ-дәрі сақтауға жауап беретін әскерилер де бар. Шығынды өтеуге міндеттелген 16 адамның бірі - күзет-өрт дабылдатқышын орнатқан серіктестік басшысы. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Арыстағы жарылыс: Кінәлілерден 97 млрд теңге өндіріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165590/)