Қазақстандық Дина Афанасьева колледж студенттері арасында өткен Әлем біріншілігінде қола медаль жеңіп алды. Бұл ел тарихындағы 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы кәсіби шеберлік жарысындағы алғашқы жүлде.
Чемпионат 9-17 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Коян қаласында өтті. Отандасымыз «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Екі жыл сайын болатын жарыс 10 елдің 16 қаласында өткізіліп жатыр. Онда 60-тан астам елдің студенттері бақ сынауда. Кәсіби шеберлік сайысына ұлттық құрама 30 құзыреттілік бойынша қатысып жатыр. Біріншілік 28 қарашада аяқталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлем чемпионатында қазақстандық студент қола медаль жеңіп алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165611/)