Қазақстандағы жүйелі реформалар елдің дамуына жаңа серпін береді. Елдегі соңғы өзгерістерді талқылаған Еуропа сарапшылары осылай дейді.
Олардың айтуынша, ауқымды бастамалар әрбір азаматтың конституциялық құқығының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне, құрметіне негізделген реформалар жаңа саяси мәдениетті қалыптастырады.
Майкл Левистон, Францияның халықаралық қатынастар институтының ғылыми қызметкері:
Реформалардың мақсаты, Президент Тоқаевтың көздегені – Жаңа, әділетті Қазақстан құру ғой. Демек, елдің барлық азаматына жұмысқа орналасуға, емделуге, өзге де игіліктерге тең мүмкіндік берілетіні қуантады.
Пьер Боргольц, орталық азия елдері бойынша сарапшы:
Елдеріңіздегі әлеуметтік реформалардың жүзеге асырылуы – жас буын өкілдерін ынталандырып, жаңа мемлекет құруға ат салысуына итермелейді. Білім саласына көңіл бөліп, жастарға мол мүмкіндік беру, шалғай аймақтарды дамыту – өте ауқымды шара деп есептеймін.
Н.Қасым, Б.Өмірбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуропа сарапшылары: Реформалар – ел дамуының өзегі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165623/)