Бүгін Астанада «Менің елім - менің Туым» атты іс-шара өтті. Оған белсенді атсалысқан жастар, қала тұрғындарымен бірлесіп, мемлекеттік туды ілуді бастады. Ұлттық рәсімдерге құрмет көрсету салтанаты, Республика даңғылында өтті. Қазіргі уақытта 100-ден астам ту тұрғын үй ғимаратының балконына ілінді. Шараға ұйытқы болған "Жастар рухының" өкілдері, барлық азаматтар бұл бастамаға қолдау көрсетіп, патриоттық сезімін білдіріп жатыр дейді. Мемлекеттік деңгейде өтіп жатқан іс-шара аясында, бес мыңдай ту ілу жоспарда бар.
Ақерке Ескендірова, «Жастар рухы» жастар қанаты басқарма басшысы:
Біз кеше өзіміздің әлеуметтік желіге осы лайфхакты салған болатынбыз - туды қалай ілуге болады. Сол бізге жүгініп жатқан тұрғындарға біздің белсенділер келіп, түсіндіріп жатыр - туды қалай дұрыс ілу керек. Ол ұшып кетпейтіндей және түсіп қалмайтындай.
Ламбриан Топузидис
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Республика күніне орай Астанада «Менің елім - менің Туым» атты іс-шара өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165637/)