Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиында комиссия жұмысының нәтижесінде дайындалған заңнама бағытындағы негізгі ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстар қаралды. Ғалым-сарапшылар іздестіру экспедициясы мен зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелерін таныстырды. Сондай-ақ жиында мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру және заңнамаға ұсыныстар әзірлеу барысы талқыланды.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Cаяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165645/)