Ұлыбритания халқының 85 пайызы азық-түлікке жұмсайтын шығындарын қысқартуға мәжбүр. Себебі қымбатшылық белең алған. Бұл мәлімет елдің Тұтынушыларды қорғау одағы жүргізген сауалнамаға сай жария етілді.
Сұраққа жауап бергендердің көбі арзан азық-түлік сатып алуға мәжбүр екенін айтады. Табиғи газ бағасының өсуі, жұмыс күшінің жетіспеуі, логистикалық мәселелердің туындауынан британиялықтардың экономикалық және әлеуметтік өмірі қиындап кетті. Елдің Ұлттық статистикалық кеңсесінің мәліметінше, биыл азық-түлік 14,6 пайызға қымбаттаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Англия тұрғындары азық-түлікке жұмсайтын ақшаны үнемдеуге мәжбүр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165694/)