Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованың штабында ұйымдастыру комитетінің мәжілісі өтті. Жиында қатысушылар үгіт-насихат кезеңінің жоспарларын бекітіп, алда болатын іс-шараларды талқылады. Жоспар бойынша кандидат ірі кәсіпорындар ұжымымен, көпбалалы аналармен, орман және жануарларды қорғаушылармен, дағдарыс орталығында көмек алып жатқан отандастарымызбен кездеседі. Салтанат Тұрсынбекова кезектен тыс президенттік сайлауға «Қазақ аналары - дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан қатысады.
Салтанат Тұрсынбекова, Президенттікке кандидат:
Қызметкерлердің заңда көрсетілген, тіркелген санына қарап біз, қай бағыттар бойынша жұмыстар өткізуіміз керек, солармен қызметкерлер жұмысты бастап кетті. Ешқандай кедергі жоқ. Бәрі жақсы көңіл- күйде. Жұмысқа дайын. Жоспар бойынша мен барлық 20 өңірге барып, қайтсам деген ойым бар. Бірақ реалист болу керек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Салтанат Тұрсынбекованың штабында ұйымдастыру комитетінің мәжілісі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165719/)