Ресейде оқитын қазақстандық жастар елімізде өтетін сайлауға белсене қатыспақ. Таңдау жасау - өскелең ұрпақ үшін зор мүмкіндік әрі жауапты іс, дейді олар. Саяси реформалардан қалыс қалмай, ел дамуына үлес қосатынын жеткізді. Жерлестеріміз Мәскеудегі Қазақстанның елшілігінде дауыс бере алады.
Мағжан Құтжанов, жас ғалым:
20 қараша күні болатын сайлауға баруға ниеттеніп отырмын. Өйткені әрбір дауыс шешуші дауыс болуы мүмкін. Біз шетелде жүргенімізбен біз мемлекетімізді, болашағымызды ойлаймыз. Осы сайлау, сайлауға қатысу – біздің азаматтық борышымыз деп есептеймін.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде оқитын қазақстандық жастар елімізде өтетін сайлауға белсене қатыспақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165822/)