Семейде Республика күніне орай 64 отбасы баспаналы болды. Тұрғын үй қаладағы «Қарағайлы» шағын ауданында бой көтерген. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлерге әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, көп балалылар мен ата-ана қамқорлығынан айырылғандар қол жеткізді. Пәтер кілттерін салтанатты түрде Абай обылсының әкімі табыстады. Қазір қалада 13 200-ден астам адам баспана кезегінде тұр. Өңір басшысының айтуынша, биыл қалада 5166 пәтер салынады.
Гүлнар Төлеуханова, қала тұрғыны:
Бүгінгі баспана алып жатқан тұрғындардың қуаныштары құтты болсын. Үйлерінде береке-бірлік болсын. Ұзағынан сүйіндірсін. 16 жыл тосып алып жатқан пәтеріміз. Қуанышымыз өте зор.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде Республика күніне орай 64 отбасы баспаналы болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165836/)