Бірінші рет республикалық композиторлар мен ақындар арасында өткен балалар әні мен поэзиясына арналған «Жас өрен» республикалық байқауының қорытындысы шықты. Президент жариялаған биылғы «Балалар жылында» өткізілген бұл жобаның басты мақсаты – балаларға арналған отандық шығармаларды дәріптеу, балалар композиторлары мен ақындардың шығармаларын білім мекемелерінде насихаттау.
Жадыра Байбұланова, «Жас өрен» байқауының жеңімпазы:
Әлеуметтік желі арқылы өтініш бердім. «Әшекей» деп аталатын балаларға арналған, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін үлкен шығарма жиынтығы осы байқауда бірінші орын иеленді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Жас өрен» байқауының жеңімпаздары анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165843/)