Бүгін елордаға Қырғыз елінің президенті Садыр Жапаров келді. Ол Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес президентінің кездесуіне қатысады. Қасым-Жомарт Тоқаев жиын алдында әріптесімен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында ағайын елдер арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселесі талқыланды. Биыл екіжақты алыс-беріс 17,7 пайызға көбейген. Сауда-саттықты 2 млрд долларға жеткізу міндеті жоспарлы түрде жүзеге асып келе жатқаны айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жалпы біздің екі жақты қарым-қатынасымыз ойдағыдай дамып келе жатыр. Ешқандай түйіткілдер жоқ. Бірақ дегенмен шағын мәселелер болады. Сол мәселелер бойынша біз бүгін пікір алмасамыз.
Садыр Жапаров, Қырғызстан президенті:
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес президентінің бірінші кездесуіне қатысу үшін Астанаға келгеніме қуаныштымын. Біз қырғыз-қазақ қарым-қатынасының актуалды мәселелерін талқылау мақсатында жолығуға әрбір мүмкіншілікті жоғары бағалаймыз.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін елордаға Қырғызстан президенті Садыр Жапаров келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165912/)