ТМД-ның бақылаушылар миссиясы еліміздегі президент сайлауы науқанын мониторинг жасауға кірісті. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы, атқарушы хатшысының орынбасары Ильхом Нематов мәлімдеді. Миссия құрамына ТМД-ның барлық елінің өкілдері, Парламент аралық Ассамблеясының, Ресей-Беларусь одақтас мемлекетінің Парламенттік Ассамблеясының өкілдері, Астанада аккредитациядан өткен дипломаттар және ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері кіреді.
Ильхом Нематов, ТМД Атқарушы комитеті төрағасы, атқарушы хатшысының орынбасары:
100-ден астам адам болады. Оның ішінде 10 адам - ұзақ мерзімді бақылаушылар. Ұзақ мерзімді бақылаушылар келіп, аккредитациядан өтті. Қысқа мерзімді бақылаушылар Қазақстанға сайлау науқанына екі-үш күн қалғанда келеді. Әрине, біз барлық аймақты және сайлау учаскелерін қамтуға тырысамыз. Бақылаушылар сайлау учаскелеріне, аумақтық сайлау комиссияларына барады, сайлау науқанына дайындық барысын бақылайды.
Дархан Рақымжан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ТМД бақылаушылар миссиясы мониторинг жұмысын бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165920/)