Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Мемлекеттік орган басшылары мерейтой аясында атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу, ағартушылық, мәдени-бұқаралық бағыттағы жұмыстар жайында баяндады. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттауға бағытталған іс-шараларды жыл соңына дейін жоғары деңгейде өткізу қажет екеніне тоқталды. Сондай-ақ Түркістан қаласында Халықаралық түркітанушылар конгресін ұйымдастыруды, ұлт ұстазының 12 томдық шығармаларының жинағын шығаруды, «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісін дайындау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165932/)