Бүгіннен бастап ақшасын теңгемен жинаған адамдардың депозит мөлшерлемесі өседі. Демек қазан және қараша айындағы азаматтардың жинағы бойынша 3 және 6 айға ұсынылған мөлшерлеме 17,5 пайызға көтерілді. Депозиттерге кепілдік беру қоры бұл Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені көтерген соң іске асқанын хабарлады. Жарты жыл немесе бір жылдық жинақ депозиті үшін мөлшерлеме 13-15 пайыз деңгейінде қалады. Бұған дейін депозитте ақшасын ұлттық валютамен жинаған адамдардың келер жылы 10% сыйақы алатыны туралы хабарладық. Елде 5 млн депозит иесінің сыйақы алуға мүмкіндігі бар екен.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгіннен бастап ақшасын теңгемен жинаған адамдардың депозит мөлшерлемесі өседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165938/)