ТМД Үкімет басшылары кеңесінің Астанадағы кезекті отырысы қарсаңында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченкомен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығындағы өзара іс-қимыл және Беларусьте Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу мәселелерін талқылады. Әлихан Смайылов өзара сауданы ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде Беларусь нарығына шығарылатын экспортты кеңейтуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан Беларусьпен өнеркәсіп кооперациясын нығайтпақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165970/)