Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшыларының кезекті кеңесі өтіп жатыр. Тараптар алдымен шағын құрамда бас қосты. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен басталған отырыста Үкімет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады. Сонымен бірге 2023 жылы Беларусь Республикасында ТМД елдерінің II ойындарын ұйымдастыру мәселесін талқылайды. Бұдан кейін кеңейтілген құрамда жиын өткізу жоспарланып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Үкімет басшыларының кезекті кеңесі өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165976/)