ТМД-ға мүше мемлекеттер қолда бар әлеуетті дамыту үшін бірлесіп жұмыс істейді. Әсіресе Иранға, Парсы шығанағы мен Үндістанға шығатын «Солтүстік – Оңтүстік» бағыты бойынша сауда-саттықты өркендету маңызды. ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Президент әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа назар аудара отырып, бірқатар тиімді шара қабылдауға шақырды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың маңызды екенін жеткізді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Үкімет басшыларымен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165979/)