Яғни осы ТМД Үкімет басшылары Кеңесі арқылы қабылданған шешім инвестицияны ынталандырып, кедендік реттеуді жеңілдетуді көздейді. Тараптар сондай-ақ жаңа логистикалық тізбекті қалыптастырып, цифрлық технологияларды енгізуді жоспарлап отыр. Әлихан Смайылов Кеңес отырысында, ТМД елдерінің қарым-қатынасы әлемдік экономикадағы жағымсыз үрдісті азайтып, Қазақстанның төрағалығы аясында ынтымақтастықты тереңдету бойынша нақты жұмыс істелгенін айтты.
Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:
Өзара іс-қимыл негізінен пандемияның зардаптарын азайту бойынша келісілген шараларды жүзеге асыруға бағытталды. Бүгін біз оның нақты нәтижелерін көріп отырмыз, яғни мемлекеттеріміздің экономикасы біртіндеп қалпына келіп, іскерлік белсенділік арта түсті.
ТМД-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары 2023 жылы Беларусь Республикасында ТМД елдерінің II ойындарын ұйымдастыру мәселесін талқылады. Шара қорытындысы бойынша делегация басшылары бірқатар құжатқа қол қойды.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада ТМД Үкімет басшыларының кеңесі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165997/)