ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы Бішкекте өтеді. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев хабарлады. Ол - Қырғыз Республикасының ұсынысы бойынша кезекті жиынды келер жылы 2 маусымда өткізу туралы шешім қабылданғанын жеткізді.
Сергей Лебедев, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы:
Біз алдағы уақытта да Қазақстанмен достық қарым-қатынасымызды жалғастырамыз. Сіздерді алда жауапты кезең күтіп тұр. Президент сайлауына орай ТМД байқаушылар миссиясын құрып жатырмыз. Кеше Астанада ТМД атынан байқаушылар штабы құрылған.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы Бішкекте өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/165998/)