ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдаулары сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинауды жалғастыруда.
8 күн ішінде сайлаушылардан 3460 ұсыныс пен тілек келіп түсті. Жалпы, ел аумағындағы 227 қабылдау бөлмесінде сайлаушылармен кездесулер өтіп жатыр. Атап айтқанда, осы уақыт аралығында 689 кездесу ұйымдастырылып, 2 мыңнан аса адам қабылданды.
Әлия Садырбаева, Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевтың Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы:
Азаматтар кандидаттан не қалайтынын, не күтетінін айтып, өз ұсыныстарымен келіп жатыр. Жаңа Қазақстанды құру ісіне қатысты көп адамның өзіндік ұсыныстары, Президенттікке кандидаттан не күтетіндері туралы пайым-пікірлері бар. Сондай-ақ, сайлауға қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес алуға болатын Call-орталық жұмыс істейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент сайлауы: Қоғамдық қабылдауларға 3400-ден астам ұсыныс түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166047/)