Үндістанның Гуджарат штатында өзен үстінен салынған көпір құлап, 132 адам қайтыс болды. Олардың арасында балалар да бар. Марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін. Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. 130 адам аман-есен судан құтқарылды. Аспалы көпір жарты жыл бойғы жөндеуден кейін бірнеше күн бұрын ашылған еді. Дивали мерекесін тойлауға барған 500-дей адам көпірдің үстіне, жанына жиналған. Нәтижесінде оны ұстап тұрған темір арқан үзіліп кетсе керек. Мачху өзені арқылы созылған 230 метрлік аспалы көпір - танымал туристік нысандардың бірі. Ол ХІХ ғасырда Британия империясы кезінде салынған еді.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанның Гуджарат штатында өзен үстінен салынған көпір құлап, 132 адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166084/)