Канаданың Монреаль қаласында өткен шорт-тректен әлем кубогі үшін өткен жарыста Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды. Жерлестер финалда Италия, Канада және Оңтүстік Корея командаларымен сынға түсіп, 5 мың метрге эстафеталық сайыста екінші орын алды. Эстафета қорытындысында оңтүстіккореялықтар чемпион атанса, канадалықтар үшінші орынға ие болды. Әлем кубогінің келесі кезеңі АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шорт-тректен Қазақстан күміс жүлдегер атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166085/)