Иранда үкіметке қарсы шерулерге байланысты мыңға жуық адамға айып тағылды. Мұны Тегеран прокуратурасы хабарлап отыр. Дегенмен қанша тұрғынның тұтқындалғаны жайлы ресми мәлімет жоқ. Ал кейбір белсенділердің дерегінше, бас-аяғы 14 мыңдай адам қамауға алынған.
Иранда наразылық акциялары 16 қыркүйекте 22 жастағы Махса Әмини хиджабты дұрыс тақпағаны үшін ұсталып, полиция бөлімшесінде қайтыс болғаннан кейін басталды.
Ата-анасының айтуынша денсаулығына шағымданбаған қызды тәртіп сақшылары соққыға жыққан. Алайда билік өкілдері мұны жоққа шығарып, Әминидің жүрек талмасынан өлгенін мәлімдеп келеді.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Иранда үкіметке қарсы шерулерге байланысты мыңға жуық адамға айып тағылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166161/)