Түркістанда жасырын цех табылды. Онда танымал маркадағы кір жуғыш заттар заңсыз өндірілген. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 4 күдіктіні қолға түсірді. Цех орналасқан тұрғын үйден 8 тоннадан астам контра-фактілік заттар тәркіленді. Жасырын цехты ұйымдастырушы Өзбекстан азаматы екені анықталды. Өзгелері жергілікті тұрғындар болып шықты. Үй ауласын тінту кезінде 200-дей қаптамаға оралған әрқайсы 40 келі тартатын ұнтақ зат табылған. Сондай-ақ электронды таразы, тығыздағыш құралдар мен өзге де айғақ заттар тәркіленді. Қазір материалдар облыстық экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістанда жасырын цех табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166181/)