Оралда жауған алғашқы қар тұрғындарды әбігерге салды. Ақ ұлпа электр желісін зақымдап, 6300-ден астам абонент жарықсыз қалды.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Қазір түтеп жауған қар тоқтады. Алайда жел әлі ұйытқып соғып тұр. Түннен бастап жауған қар коммуналдық қызмет өкілдерін әбігерге салғаны рас. Ылғалды қар электр желісіне әсер етіп, 6 мыңнан аса абонент жарықсыз отыр. Қала әкімдігінің хабарлауынша, қазір шаһарда апатты жою үшін 10 бригада жұмыс істеп жатыр. Жағдайдың қашан қалпына келері белгісіз. Айта кетейік облыста электр желісінің 80% әбден тозған. Ал коммуналдық қызмет көше жолдарын қардан тазалап үлгерер емес. Қазіргі дерек бойынша, коммуналдық мекемедегі 300-ге жуық адам мен 180 техника тазалық жұмыстарына тартылған. Егер мұз қатып, көктайғақ болса, 15 тонна инертті материал дайын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралдықтар жарықсыз отыр: Апатты жою үшін 10 бригада жұмыс істеп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166191/)