Қостанай полициясы интернет алаяқтарының жолын кесті. Олар заңсыз қаржы қозғалысын банктің қауіпсіздік қызметімен бірлесіп анықтап, жедел әрекет еткен. Соның арқасында Ақтөбе облысының тұрғынынан дроптың шотына түскен 1 млн теңге бұғатталып, кері қайтарылды.
Дроппер - алаяқтардың өз мақсатына жету үшін қолданатын адамы. Яғни қылмыскерлердің нұсқауын орындап, сол жұмысына сыйақы алады. Сөйтіп басқа адамдардың ақшасын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысады. Мұндай заң бұзушылыққа барғандар интернет алаяқтармен бірдей қылмыстық жауапқа тартылады.
Өткен он айда облыста мыңнан аса осындай қылмыс тіркеліп, оның 37-і ғана ашылған.
Дәуренбек Әбдібекұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай полициясы интернет алаяқтарының жолын кесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166192/)