Ресейде мобилизация аяқталды. Мұны елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгудан кейін президент Владимир Путин де мәлімдеді. Дегенмен Кремль басшысы мобилизацияны тоқтату үшін жарлық қажеттігі жөнінде «ойланбағанын» мойындап отыр.
Қазанның 28-де Шойгу 300 мың резервист жинау туралы тапсырманың орындалғанын атап өтті. Содан кейін қорғаныс министрлігі Ресейде қарашаның 1-де міндетті әскери қызметке шақыру науқаны басталатынын хабарлады.
Дегенмен кейбір заңгерлердің айтуынша, Путиннің арнайы жарлығы шықпаса, азаматтар мобилизация бойынша әрі қарай да әскер қатарына тартылуы мүмкін.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде арнайы жарлық шықпайынша азаматтар әрі қарай да мобилизацияға ілігуі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166193/)