Сеул мэрі брифинг өткізіп, Хэллоуин мерекесі кезіндегі қайғылы оқиға үшін жылап тұрып кешірім сұрады. Және де О Се Хун көп адам жиналған жерлерде трагедияға жол бермеу үшін қала әкімшілігінің барлық шараларды қолданатынын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетсек қазанның 30-да Сеулде мейрам кезінде тар көшеге жүз мыңдай адам жиналып, талай тұрғын аяқ астында тапталып өлді. Соңғы мәліметке қарағанда, қайтыс болғандар саны 156-ға жеткен. Олардың көпшілігі 20-ға толмаған жастар мен жасөспірімдер.
Өкінішке орай арасында біздің де жерлесіміз бар. Оңтүстік Корея полициясы мәлімдеме жасап, бұл жағдайдың алдын-алу жолында тәртіп сақшыларының дұрыс әрекет етпегенін мойындады.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сеул мэрі Хэллоуин мерекесі кезіндегі қайғылы оқиға үшін жылап тұрып кешірім сұрады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166224/)