Ақтаудағы құс фабрикасына жем тиелген вагондар жөнелтілді. Қазақстан Теміржолы Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Еске салайық, аймақта құс етін өндіретін кәсіпорында 200 мыңнан астам тауық аштан қырылудың сәл-ақ алдында тұр. Себебі, осыдан 4 күн бұрын келуі тиіс жем тиелген вагондар жолда тұрып қалған. Азық алдағы екі күнде жеткізілмесе, қанаттылар түгел қырылып қалады, дейді мамандар.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтаудағы құс фабрикасына жем тиелген вагондар жөнелтілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166266/)