Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады. Кездесуде бизнесті дамыту және саладағы әкімшілік кедергілерді жою жайы талқыланды. Премьер-министрдің айтуынша, мемлекет бизнес өкілдерін толғандыратын мәселелерге ерекше көңіл бөледі. Мәселен отандық кәсіпкерлер кеңесі шеңберінде де нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ орта мерзімді кезеңге арналған жаңа экономикалық саясат, көлік, энергетика салалары мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері қаралды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Бизнестің проблемаларын біз күнделікті түрде Үкіметте қараудамыз. Сондықтан да бұл мәселелерді сіздермен бірге жүргіземіз. Мен білетінім бүрсікүні сіздерде Атамекен палатасының келесі съездін өткізу жоспарлануда.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлихан Смайылов Кәсіпкерлер палатасының басшысын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166273/)