Қарағандыдағы Ленин атындағы шахтада бүгін түнгі 3:00 шамасында метан газы тараған. Қаза тапқандар бар.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Апатты жағдай кезінде жер астында 106 кенші жұмыста жүрген. Жоғарыға 101 адам шыққан. Енді 5 адам шахта жеделсатыларында кезекшілікте болған. Жедел құтқару шаралары кезінде 4 адамның мәйіті табылды. Тағы 4 адам Шахтинск қаласының ауруханасында жатыр. Әзірге жағдайлары бір қалыпты. Полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнында мамандандырылған авариялық жедел-құтқару тобы жұмыс істеуде. Айта кету керек бұған дейін өндірістік қауіпсіздік департаментінің инспекторлары жүргізген тексеру кезінде бұл шахтада 171 олқылық анықталған болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыдағы Ленин шахтасында 4 кенші қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166287/)