Атырауда 11 жылдан бері тоқтап тұрған концерт залының құрылысы қайта жанданады. Оны салу үшін тағы 5 млрд теңге ақша керек. Орта жолдан тұралаған нысанның бастапқы құны 3 млрд теңгеден асады . Жоба облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ісінен кейін аяқсыз қалған.
Осы деректің аясында 2012 жылы мердігер мекеменің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір әлеуметтік маңызы бар ғимараттың тоз-тозы шыққан. Енді оны қайта жөндеу әкімдікке жүктеліп отыр. Жергілікті билік инвестор іздеп жатыр. Құрылыс құжатында кеткен қателік те жұмысқа қолбайлау болған.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда 11 жылдан бері тоқтап тұрған концерт залының құрылысы қайта жанданады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166355/)