Шымкентте 19 млн теңгеден аса ақша жымқырған балабақша меңгерушісі сотталды. Қаржылық мониторинг агенттігі оның балалардың сабаққа қатысу есебіне жалған мәлімет енгізгенін анықтаған.
Бұл заңсыз әрекет 3 жыл бойы жалғасқан. Бұған дейін үш балабақша меңгерушісі болып қызмет еткен әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, ол 5 жылға шартты түрде сотталды.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте 19 млн теңгені заңсыз иеленген балабақша меңгерушісі сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166356/)