Алдағы жылы еліміздің жолдарын жаңғыртып, транзиттік әлеуетті арттыруға 1 триллионнан астам қаржы жұмсалмақ. Ұлттық жобаға сәйкес, оның 482 миллиарды республикалық, 94 миллиарды жергілікті бюджеттен бөлінеді. Қалған басым бөлігі инвесторлардан тартылмақ. Ал қыруар қаржыға орталық-өңтүстік көлік дәлізін жаңғырту және Ақтөбе-Атырау, Қызылорда-Павлодар және Семей-Өскемен секілді тас жолдарды жөндеу көзделген. Әрі темір жолдарды да жаңғырту жоспарланған.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде транзиттік әлеуетті арттыруға 1,3 трлн тг бөлінбек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166418/)