«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы бір адам көз жұмды. «Қазақстан» шахтасының аумағынан ер адамның денесі табылған. Компанияның мәлімдеуінше, кеншінің өлімі жұмыс уақытында болмаған. Қазір Ішкі істер органдары қайғылы жағдайдың мән-жайын тергеп жатыр.
Еске салсақ, 3 қараша күні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапқан. Тағы төрт жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға түсті. Комиссия метанды жарылысқа не себеп болғанын анықтауда.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы бір адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166457/)