Өткен апта Сеулде көз жұмған қазақстандық студент қыздың мүрдесін елге жеткізу шығынын Корея тарапы өзі көтерді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Марқұмның мәйіті 3 қарашада Алматы қаласына, ал 4 қарашада Ақтөбе қаласындағы туыстарына тапсырылған. Еске сала кетейік, Сеулде 30 қазанға қараған түні орын алған қайғылы оқиға салдарынан ақтөбелік 26 жасар қыз қайтыс болған еді.
Ақмаржан Ғафизқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кореяда қаза тапқан қазақстандықтың денесі елге жеткізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166516/)