Теңге нығайып, доллар қайта арзандап жатыр. Қор биржасындағы АҚШ валютасының бағамы 464 теңге. Өткен айдың осы уақытында доллар 471 теңгеге сатылған еді. Бір айда бағамы 7 теңгеге төмендеді. Ал наурызда 560 теңге тұратын еуро қазір доллармен бірдей бағада саудаланып жатыр. Рубль 7 теңге 55 тиын. Қытайда коронавирусқа қатысты шектеуден кейін әлем нарығында мұнай бағасы да түсті. Брент маркалы шикізат бүгін 97 долларға сатылды.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теңге нығайып, доллар қайта арзандап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166517/)