Тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан, Төле би ауданындағы Бірінші мамыр ауылын су алды. Қызыл су елдімекендегі бір балабақша мен 25 үйдің ауласын және бірнеше көшені басқан.
Құтқарушылар жауын-шашынның салдарымен күресіп жатыр. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қызметкерлер ағынның жолын бөгеу үшін 200 қап инертті материал төсеген.
Қазгидромет бүгін де өңірде жаңбыр жауатынын хабарлап отыр.
Серік Селеубай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістанда балабақша мен үйлерді су басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166531/)