Алматыда 1 миллион 200 мыңға жуық адам дауыс бере алады. Мегаполисте 600 сайлау учаскесі болса, оның 69-ы аурухана, әскери мекемелер мен сауықтыру орталықтарында ашылған. Бұл туралы Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы хабарлады.
Жанна Асанованың сөзінше, учаскелер картада белгіленетін болады. Яғни 2 GIS, Yandex Maps қосымшалары арқылы тұрғындар дауыс беру орындарын оңай табы алады. Қалада 4 қарашадан бері 531 сайлау учаскесі ашылған. Бүгінде бұл орындар сайлау жәшіктерімен, мемлекеттік рәміздер сынды қажетті заттармен жабдықталған.
Жанна Асанова, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы:
Арнайы байланыс орталығы ашылып, қызметін қазір атқарып жатыр. 1315 телефонына соғып, өз сайлау учаскеңізді білуіңізге болады.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда 1,2 млн адам дауыс бере алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166564/)