Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10-11 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады.
Жиын барысында мемлекеттер басшылары Түркі мемлекеттері ұйымы аясында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесу өткізу жоспарланып отыр.
Ұйымға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия елдері мүше. Венгрия мен Түркіменстан – бақылаушы мемлекет. Тараптар былтыр Ыстамбұлда бас қосқан. Өткен жылы жиында «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі» атауы «Түркі мемлекеттері ұйымы» деп ауыстырылған еді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент жұмыс сапарымен Самарқандқа барады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166607/)