Мемлекет басшысы Shell компаниясының бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен және Газ, энергетика салаларындағы кешенді шешімдер бөлімшесінің директоры УаЭль Сауанмен кездесті. Мұнай-газ және энергетика секторларындағы ынтымақты дамыту – әңгіме өзегі болды. Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын одан әрі игеру мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев жақында қызметінен босайтын Бен ван Берденге Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, аталған компанияның басшылығына келетін Сауанға табыс тіледі. Кездесу соңында Президент мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Бен ван Берденді ІІ-дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Раушан Сайлауқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Shell компаниясының басшылығымен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166639/)