Мемлекет басшысы Маңғыстау өңіріне сапарында экологиялық мәселелерді шешуді тапсырды. Олар – Каспий теңізін зерттейтін институт құру, Қошқар ата қалдықтар қоймасын залалсыздандыруды одан әрі жалғастыру. Шетпе ауылындағы карьерлердің мәселесін шешіп, ескі зауыттардың орнында тұрған радиациялық қалдықтарды жоюды міндеттеді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев аймақта жем-шөп қорын молайтып, өзге өңірлерден мал азығын тасымалдауға жеңілдетілген тарифтер енгізуді тапсырды.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Маңғыстау өңіріне сапарында экологиялық мәселелерді шешуді тапсырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166647/)