«Бурабай Жылу» мемлекеттік-коммуналдық мекемесінің бас есепшісі, директордың орынбасары және жеке кәсіпкер бюджеттен 101 миллион теңге жымқырған. Бұл - жылу қазандықтарын, желілерді жөндеуге бөлінген қаржы.
Бас есепші сыбайластары арқылы қаражатты қолма-қол ақша етіп алады. Кейін оны АҚШ долларына ауыстырған. 76 миллион теңгені Солтүстік Кипрде жылжымайтын мүлік алу үшін құрылыс компаниясының түркиялық банктегі шотына аударған.
Соттың шешімімен барлығы қылмыстық кодекстің 189-ыншы бабы бойынша кінәлі деп танылды. Шығын толық өтелді.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жылуға бөлінген ақшаға Кипрден үй алмақ болған есепші ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166664/)