Кезекті Президент сайлауына аз уақыт қалды. Елорда тұрғындары сайлауға қатысу - азаматтық борышымыз деп түсінеді.
- Сайлауға барамын. Халықтың дауысы маңызды ғой. Дауыс беріңіздер. Қазақстанның болашағы үшін.
- Мен Қазақстанның азаматымын, мен үшін маңызды. Барамын. Барлық халық бірлікте болу керек.
- Жақсы өзгерістер болады деп ойлаймын. Өйткені балалардың болашағын ойлау керек. Біз зейнеткерміз, біз өмір сүрдік. Енді балаларымыздың, немерелеріміздің болашақтары жақсы болады деп ойлаймын.
- Ертең болашағымызды, елімізді кім басқарады? Әрине маңызды. Болашақ ұрпаққа маңызды.
- Әр адамның өз таңдауы бар ғой. Барамын сол үшін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент сайлауына 10 күн қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166685/)