Солтүстік Қазақстанда қызамық жұқтырғандар саны күрт көбейді. Індет балалар арасында кең тараған.
Эльмира Кәленова, тілші:
Мамандардың айтуынша, қызамық ауа тамшылары, жеке заттар арқылы жұғады. Індет тез таралатын болған соң қауіпті. Былтыр облыста аталған инфекцияға шалдыққан 41 адам тіркелсе, биыл жыл басынан 470-тен астам тұрғын ауырған. Көрсеткіш 11 есе артып отыр. Олардың 98 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.
Айнаш Сағындықова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
Дене темпаратурасының жоғарылауымен, терідегі бөртпелер пайда болады. Әлсіздік пен бас ауруы мен жұту кезінде тамақ ауруымен сипатталады. БӨртпе –ауру кезіндегі диагностикалық белгілердің бірі
Қызамыққа қарсы вакцина егілмейді. Аурудың алдын-алудың ең тиімді тәсілі - сырқатты ерте анықтап, оқшаулау,- дейді дәрігерлер.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстанда қызамық жұқтырғандар саны 11 есе артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166699/)