Жетісу облысында 100 келіден астам киік мүйізін сатпақ болғандар ұсталды. Браконьерлер Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен облыстық полиция департаменті жүргізген операция кезінде қолға түсті.
Күдіктілердің көлігінен 1000-ға жуық киік мүйізі табылған. Ұсталған бес адам да Қазақстан Республикасының азаматы. Олар дериваттарды заңсыз шекара асырумен айналысты деген күдікке ілініп отыр.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Серік Селеубай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жетісу облысында 100 келіден астам киік мүйізін сатпақ болғандар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166703/)