БҰҰ-ның төрінде Қазақстанның Республика күні салтанатты түрде атап өтілді. Бұл пандемия басталғалы ұйымның штаб пәтерінде ұйымдастырып отырған алғашқы ауқымды шаралардың бірі. Егемендік декларация қабылданған күнінімен құттықтауға 300-ден астам мәртебелі мейман келді.
Олар қазақ елінің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін жоғары бағалады. Әсіресе халықаралық қауіпсіздікті нығайту, ядролық қарусыздану бағытындағы бастамаларын ерекше атап өтті. Ал Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин елдегі саяси реформалар жайлы баяндады.
Мирослав Енча, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі:
Биыл мереке БҰҰ мен Қазақстанның арасындағы 30 жылдық байланысымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы жыл аралығында қарқынды әріптестік пен жемісті ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті. Біз бұны жоғары бағалаймыз. Қазақ еліне жақсылық, жарқын болашақ тілеймін. Байланысымыз нығая берсін.
Жалғас Сәдібекұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҰҰ-ның төрінде Қазақстанның Республика күні салтанатты түрде атап өтілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166783/)